Тәубешіл таксист

2008 жылдың күзі болатын. Анам екеуміз жол жиегінде такси тосып тұрдық. Келесі көшеден бұрыла шыққан жасыл жигули жанымызға тоқтады. Сірә, рөлдегі кісі анамды танитын болу керек, бірден жадырай күліп:
-Ооо, біздің сүйікті дәрігер, амансыз ба?-деп, аңқылдай сәлемдесті. Барар жеріміз біршама шақырым еді. Таксист аға әңгімесін бастап та жіберді. Самай шашына ақ кіре бастапты, күнге күйіп тотыққан жүзінен ауыр еңбектің табы байқалады. Кенет көзім оның тарамыс қолына түсті. Рөлді сығымдай ұстап алған. Көнетоз бешпентінің сол жеңі салбырап, бір бүйіріне басылып қалыпты. Көліктің педаліне жалғанған сым-темірлер құдды бір роботтың аяғын елестетті. Таксист кісінің бір қолы мен қос аяғы тізеден төмен жоқ екен…
Менің таң қалғанымды сезген болу керек, жылы жүзді жайдары ағай жадырай күліп, әңгімесін жалғастырды:
-Қорықпа, қызым, менің жигулиім ең «безопасный» жануар. Қазір-ақ құйғытып жетіп барамыз керек жеріңе.
-Сізге қиын емес пе жалғыз қолмен басқарған? –Таңданысымды жасыра алмадым.
-Бұл тұлпарды тәрбиеге салғалы он шақты жылдың жүзі болды. Үйреніп те қалдық мына темірлерге. Үйімде әйелім, кішкентай қызым бар. Оларды асырау – менің мойнымда ғой. Осы күнге де шүкір деймін…
Көзді ашып-жұмғанша керек жерге де келіп қалыппыз.
-Ал, айналайындар, жолдарың болсын – деп, шуақты жүзімен шығарып салды. Алғысымызды жаудырып, түсіп қалдық.

…Көз алдымнан әлгі кісі кетер емес. Сірә, көкейдегі сауалымды сезген болу керек, анам тіл қатты:
-Әскерден келер жолда ауыр апатқа ұшырап, аяғы мен қолынан айырылыпты бұл кісі. Осыдан он шақты жыл бұрын отау тікті. Жұбайы да мүгедек әйел, қос аяғы тізеден жоқ. Үйінде отырып, алаша тоқиды, сырмақ басады. Қазір екеуі бір қыз тәрбиелеп отыр…

Ойланып қалдым… Аяқ-қолы балғадай мына біздер Алланың берген бақытына тәубе етуді ұмытқан жоқпыз ба осы?
Көз алдымда сол көрініс әлі тұр: тарамыс саусақ, қоңыр балдақ, ағаш педаль…

Posted on Қазан 7, 2010, in Uncategorized. Bookmark the permalink. 2 пікір.

  1. Иә, Бота, шынынды да өмір деген бір күндік сәулені берген Алламызға шүкіршілік етпейтініміз бар кейде.

  1. Pingback: ҚАЗЖУР: студенттердің блогтары. АРБ! « Өрімтал

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.